Қаруын ерікті түрде тапсырған азаматтарға төлемақы беру үшін бюджеттен 107 млн теңге бөлінді

Қару ұстағанын мақтан көріп, онысын видеоға түсіріп, желіге жүктейтіндер күннен-күнге көбейіп барады. Мәселен, ақтаулық мына азамат үйінің терезесінен оқ атқан. Ол көңіл-күйі жоқ кезде жиі осылай жасайтынын да жасырмай жазған. Бұл жазбаны интернеттен көрген полицейлер шұғыл әрекет етіп, азаматтың қайда тұратынын анықтаған. Пәтерді тінту барысында Калашников автоматы, Макаров тапаншасы мен пневматикалық мылтық табылған. 

Спикерлер: Әйгерім Ибадуллаева - Маңғыстау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы; Бақытгүл Аққубай - оқушының анасы; Ирина Орсагош -  Павлодар облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы; Жанна Біләлова - Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі; Ирина Беженарь - Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы; Ғабит Есен - ҚР ІІМ ӘПК Басқармасының ерекше таспырмалар жөніндегі аға инспекторы; Ерболат Қабұров - СҚО Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы; Игорь Миранчук - Нұр-Сұлтан қаласы Аңшылар бірлестігінің төрағасы; Төлеген Уқышев - Аңшы.

Тілші: Гүлжайна Өмірбек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу