Ұзынсонар кезекте тұрған жүздеген жүк көліктері, жүйкесі жұқарған жүргізушілер және оларға дамыл таппай тамақ тасып жүрген құтқарушылар. Қазақ-қырғыз шекарасындағы әуелден көзге түсетін көрініс осы. Қырғызстаннан тонналаған тауарды көліктеріне тиеп алған жүргізуішлер Қазақстанға өтуі былай тұрсын, тіпті орындарынан тырп ете алмай тұр. Әрі кетсе 2 жарым сағатта 100 метр жүреді екен.
Спикерлер: дәрігер - Валерий Гаук; ҚР Премьер-министрі - Бақытжан Сағынтаев; кәсіпкерлер - Еркін Салымбеков, Назгүл Райымбаева, Динара Тұрбаева; ҚР Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті - Нұрсадық Әбішев.
Тілші: Әнуар Кәрібозов.