Орта Азиядағы бестіктің басы бірікті. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларын қабылдап, консультативтік жиынын өткізді. Бестіктің отырысына тек Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердымұхамедов тікелей қатыса алған жоқ. Бірақ ресми өкілі ретінде Мәжліс Төрайымы Акджа Нұрбердиева жіберіпті. Тараптар саяси-экономикалық ахуалдан бастап, ішкі қауіпсіздік, демаркациялау шартының орындалуы сынды ауқымды мәселелерді талқылады. Осы тұста, жылдар бойы бір-біріне қырын қарап келген Тәжікстан мен Өзбекстан қатынасы да жақсарып, таяуда екеуара геосаяси келісімдер жасалғаны да оң әсерін берген. Демек, енді Орта Азиядағы су ресурстары мен транзитті арттыру да кері тартатын кедергілер болмауы тиіс.
Спикерлер: Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті, Эмомали Рахмон - Тәжікстан Республикасының Президенті, Сапарбай Жобаев - қаржыгер, Нұрлан Сейтімов - Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Сергей Могилатов - «Сарыарка автопром» ЖШС Директорының орынбасары, Әміржан Қосанов – саясаттанушы.
Тілші: Құралай Пионер.