Бүгінгі таңға дейін республика бойынша 43 млрд тонна қалдық жиналыпты. Статистикаға сүйенсек, елдегі қоқыстың тек 9 пайызы ғана қайта өңделеді. Ал қалғаны полигондарға жиналып жатыр. Еліміздегі қоқыс төгетін орындардың 14 пайызының ғана рұқсаты бар. Өткен жылы елорданың өзінде 50 тіркелмеген орын анықталған. Бұдан ел қазынасына 150 млн теңгеден астам шығын келген. Зардабын тартып отырған бюджет қана емес. Экология да ластанып жатыр. Әрине қоқыс сарқылмайтын ресурс, ең арзан шикізат екені анық. Дегенмен оны өңдеп, кәдеге жарататын жүйе елімізде қаншалықты дамыған? Бүгінгі арнайы репортажымызды осы тақырыпқа арнамақпыз.
Спикерлер: ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы - Мұрат Әбенов, бас инженер - Мұрат Бейсалиев, қоқыс сұрыптау зауытының директоры - Ерлан Дүйсенбаев, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы - Әсет Масабаев, ӨКМ операторы ЖШС-ның атқарушы директоры - Сергей Юрча, қабылдаушы - Айдын Әкебаев, макулатура өткізуші - Владимир Сосновский, өндіріс жөніндегі бөлімшенің басшысы - Игорь Хо, өндіріс жөніндегі департамент басшысы - Талғат Әжібеков, Қазақстан қаптаушылар қауымдастығының төрағасы - Батырбек Әубәкіров, қағаз жинау орталығының бөлім басшысы - Нүркен Жүкеев, Қазақстан Экологиялық Ұйымдары Ассоциациясының АЭҰК Президиумының мүшесі - Салтанат Рахымбекова.
Тілші: Жания Әбдібек.