Қазақстандағы ең кенже қалған салалардың бірі ретінде, ғылымға соңғы кезде көңіл бөліне бастады. Дегенмен, оған жұмсалған қаражат көлемі керісінше, кеміп барады. Әрбір мемлекет ғылымға жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 1% бөлуі қажет болса. Қазақстанда ол 0,17% құрайды. Ал саладағы мамандар бөленген азды-көпті қаражаттың өзі қажетті жеріне жетпейді деп отыр. Демек, ғылымды да жемқорлық жайлағаны анық. Арнайы репортаж барысында осы сынды бірқатар проблемалар ашып көрсетіледі.
Спикерлер: "Ғылым Қоры" АҚ Басқарма төрағасы - Әнуарбек Сұлтанғазин; "НӘР" синбиотигін өндіріске қосу жобасының ғылыми қызметкері - Аяулым Нұрғожина; профессор, жасанды интеллект институтының директоры - Алтынбек Шәріпбаев; ҚР МҚІСЖҚА Бақылау тобының мүшесі, қоғам белсендісі - Мұрат Әбенов; Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры - Мырзантай Жақып; Enactus KAZGUU ұйымының мүшесі - Толқын Мұхтарова; Egistik жобасының авторы - Жандос Керімқұлов; EcoStandart компаниясының бас директоры - Назира Молдағұлова; ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев.
Тілші: Кәусар Аяпбергенқызы.