Лондон, Париж, Нью-Йорк, Лиссабон, Шанхай, Милан. 166 жылда жер шарын түгел дерлік аралап шыққан Экспо көрмесі алғаш рет Қазақ даласына келіп, 93 күнге қоныстанғалы отыр. Адамзаттың озық ой табыстарын, ғаламның инновациясын, келешектің энергиясын таныстыратын ауқымды шарадан біз не күтеміз. Қазақстан төрткүл дүниеден келетін меймандарға не ұсынғалы отыр. Бірге білейік.
Спикерлер: ҚР Энергетика министрі - Қанат Бозымбаев; Астана Экспо-2017 ҰК Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті директорының орынбасары - Әлкен Бисеков; Астана Экспо-2017 Германия павильонының комиссары - Дитмар Шмитц; Астана Экспо-2017 ҰК, Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің бас менеджері - Әсем Омар; қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары - Нарима Абылқызы; Астана Экспо-2017 ҰК ілгерілеу және туризм департаментінің бас менеджері - Нұргүл Алипинова; ерікті - Бәтима Құсайынова; ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы - Ержан Құрақбаев.
Тілші: Кәусар Аяпберген.