Киікті қорғау қалай жүріп жатыр?

Бүгінде республика бойынша ақбөкендердің саны 153 мыңнан асады. Былтыр бұл көрсеткіш 108 мың шамасында болған. Осы аралықта 41 пайызға өсім көрсетіп отыр. Дегенмен қорық мамандары киіктің азаюына алаңдаулы. Өйткені соңғы 9 айда киік атуға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалыпты. Айта кетейік заңсыз ауланған әр киіктің басы үшін 350 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлейсіз. Одан бөлек 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Спикерлер: «Охотзопром» «ӨБ» РМҚК басшысының орынбасары - Ерлан Әбдірахманов; «Охотзопром» «ӨБ» РМҚК инспекторы - Данияр Құсайынов; ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы - Сәкен Ділдахмет; «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының» жетекші маманы - Альберт Сәлімгереев; мотошабандоз - Владимир Хлебнов; Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының маманы - Рамазан Бакеев.

Тілші: Еркін Шәкірұлы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу