Көлік салығына салғырт қарамаңыз

Астанада қазан айында басталған  «Борышкер-2018» жедел профилактикалық шарасы әлі де жалғасуда. Мақсаты көлігінің салығын төлеуден жалтарып жүрген 70 мың елордалыққа ескерту беріп, ірі көлемде қарызы барларға шара қолдану. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 1 млрд 731 мың 280 теңге. Тек бір ғана Алматыда 43 мыңнан аса жүргізуші  қазынаға 1,1 млрд теңге берешек. Бюджетке түсуі тиіс қаржыны қайтару үшін сот орындаушылар осылай қатаң шара қолданамыз деп отыр. Айта кетейік егер кім де кім көлік салығын төлеуді 3 айдан кешіктірсе ол борышкерлер базасына автоматты түрде енеді. Ал, бұл қара тізімге іліксеңіз шетелге шығу мүмкіндігіңізге шектеу қойылады. Рейд барысы туралы арна тілшісі Еркін Шәкірұлының арнайы репортажынан біле аласыздар.

Спикерлер: Нұржан Бтимов – қала тұрғыны; Дәулетхан Тоқтарұлы – ЖСО өңірлік палата басшысының орынбасары; Мейірлан Махамбетов – Мемлекеттік Кірістер департаментінің бас маманы; Берік Жұртбай – Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу