Павлодарда көл бар. Көл бетінде күл бар. Бірақ жай күл емес. Аса бағалы. Ғылыми тілмен айтқанда алюма-селикатты микросфера. Қарасор көліндегі құнды элементке таласқан жұрт ол үшін жаға жыртысып, төбелесуге де әзір. Себебі бұл ауылдағы ағайынның күнгөріс көзіне айналған. Көл маңындағы аулыл тұрғындарын бір-бірімен тайталасылып қойған ол қандай күл? Күннің ыстық суығына қарамастан толарсақтан су кешіп жинайтын күл қайда кетіп жатыр? Одан не жасауға болады? Құны қанша? Арнайы репортаждан көресіздер! Тілші: Талғат Уәли