Бүгінде жеделсатының адам өміріне қауіп төндіретін басты орындардың біріне айналғанын талайлар байқап жүр.Бірақ одан нәтиже шығарған жан бар ма? Қазіргі уақытта елордада 69 арнайы ұйым қызмет көрсететін 6 653 лифт тіркелген. Аз емес әрине. Бәсекелестік орта болғандықтан көбі жедел сатыны жедел орнатуға ынталы. Ал, қауіпсіздік жайы да солай жедел әрі жүйелі қаралады ма? Бүгінгі арнайы репортажда осы сұрақтарға жауап береміз.
Спикерлер: Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті; Марат Тағымов - ҚР Парламенті Сенатының депутаты; Мейрам Пшембаев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; Думан Жайлыбеков - Лифт мамандары одағының вице-президенті; Төлеген Құлұшев - Астана қаласының Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы; София Қылышбекова - Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметінің басшысы; Ұлжан Жаңбырбаева - Зардап шегуші; Әбдіқадір Тоқабаев - ПИК төрағасы.
Тілші: Айзат Қайырлыбекқызы.