Ломбард қызметі заңмен реттелмек

Елімізде ломбард ісіне ешкім шектеу қойып жатқан жоқ. Ниеттенген адам, мүмкіндігі болса ашып алады. Бүгінде басқа өңірлерді айтпаған күннің өзіңде бас қаламыз Астанада 140-тан астам ломбард жұмыс істейді. Сұрастыра келе білгеніміз, бір ломбард иесінің қарамағында он қалада 60-100 дей филиалы бар екен. Иә, бұл саланың дәурені бүгінде жүріп тұр. Себебі, келушісі көп. Күніне орташа есеппен 15-20 адам ломбард қызметіне жүгінеді. Ломбард жұмыскерлері де тұрақты тұтынушыларынан айырылмау үшін түрлі жеңілдік қарастыра бастайды. Ал тұрғындар үшін бұл тиімді. Өйткені банк сияқты сан түрлі құжатты қажет етпейді. Бұйымыңыз бен жеке куәлігіңіз болса болғаны, керек ақшаңызды аласыз.

Спикерлер: ломбард филиалының директоры - Елена Когай; экономист - Мақсат Сералы; ҚР Бас прокуроры - Жақып Асанов; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Бақытжан Әбдірайым; ҚР ІІМ Ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің директоры - Алмас Сәдубаев; ломбард иесі - Ернат Үсенбеков.

Тілші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу