Күнтізбеде белгіленген мейрамдардың ішінде табысы жағынан халықаралық әйелдер күні екінші орынды алады, десек артық айтқандық емес. Әрине, отбасылық мерекеге айналған шырша тойының алдын ешкім орай қоймас. Десе де, нәзік жандылардың төл мейрамы да табыстылардың қатарында. Бұл мерекенің қарсаңында ең көп пайда әкелетіні ол - гүл бизнесі. Әдетте, қалтаға аса ауырлық сала қоймайтын гүлдер бағасының бұл күні біраз шарықтайтыны жасырын емес. Ал, гүл сатушы бойжеткендер үшін 8 наурыз екі есе мереке.
Спикерлер: гүл сатушы - Евгения Гришкова; кәсіпкер - Вера Щербакова; студент - Алтынбек Әділбек; сұлулық салонының иесі - Айзат Қожабаева; қала тұрғыны - Әсем Аушахманова; сатып алушы - Бекжан Сабыржан.
Тілші: Есенбек Санатұлы.