Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Бұл күні әр шаңырақта дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылады. Ал сол дәстүрді бүгінгі күнмен ұштастырып, жаңаша сипат беріп жүрген жандар да бар.Бүгін біз сіздерді ерекше кәсіп иелерімен таныстырамыз. Бірі - зейнет жасында болса да, қолөнер мен кәсіпті қатар алып жүрген шебер. Оның қолынан шыққан бұйымдар – тек зат емес, тұнып тұрған тарих. Сонымен қатар ағаштан астау, тостаған, қасық, кеселер жасап, ұлттық өнерді дәріптеп келеді. Ал, екінші кейіпкеріміз Бота Аятқызы - шоколадты тәттілерді ұлттық нақыштағы ыдыстарға салып, домбыра, қобыз, торсықтың ішіне кептірілген жеміс-жидектерді өрнектеп ұсынады. Толығырақ бағдарламада.