“Pokémon Go” – бұл бүгінде геймерлердің есін шығарып жатқан дүние. Қазашаласақ, “қалта құбыжықтары” деген мағынаны білдіреді. Яғни, телефоннан бас алуға мүмкіндік бермейтін тағы бір батыстан келген смартфон ойыны. Тіпті “покемания” дейтін дертке де шалдығып жатқандары да бар деседі. Сондықтан оған көп елдерде заң тұрғысынан тыйым салынып отыр. Бізде де жағдай қайталануы мүмкін. Бірақ соншалықтың шектеу қоятындай бұл ойынның нендей зияны бар? Сырын осы репортаж барысында ашамыз.
Спикерлер: Астана қаласының тұрғыны - Рауан Омарханов; психолог - Ләззат Серікқызы; ҚР АКМ Ақпараттық қауіпсіздікті қадағалау комитетінің басқарма жетекшісі - Ерболат Кәрім.
Тілші: Құралай Пионер.