ПРЕЗИДЕНТ «АЛТЫН САПА» ЖӘНЕ «ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҚТАРЫН ТАБЫС ЕТТІ

2006 жылдан бері табысталып келе жатқан «Алтын сапа» байқауында 2 мың кәсіпорын бақ сынады. 100-ден астам компания сыйлық иегері атанды. Оқ бойы озық атанған таңдаулыларға 450 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалып отырды. Уақыт озған сайын өнім сапасын арттыруға елдегі кәсіпорындар ерекше ықыласты. Себебі, өткен жылы «Алтын сапа» байқауына 200 өтінім түссе, биыл үздік атануға 500-ге жуық кәсіпорын ниет білдірген. Соның ішінде тек 65-і сапа белгісіне лайық деп танылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу