Шетелге жастардың жаппай ағылуына не себеп?

Биылғы жылдың жеті айында елден 40 мың адам көшіп кеткен. Ішкі Істер министрлігінің дерегінше оның басым бөлігі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарына тиесілі. Ал тұрақты мекен жайын ауыстырғандың көбі Ресей, Германия, Польша, АҚШ және Канада мемлекеттерін таңдапты. Осыншама адамның елден үдере көшуіне не себеп? Олар кімдер? Қандай мақсатпен кетіп жатыр? Ол турасында бүгінгі зерттеуімізден біле аласыздар. 

Спикерлер: Шыңғыс Мұқан – Гарвард мектебінің түлегі; Еркебұлан Кәкімбеков – Риелтор; Думан Раздан – Брокер; Түсіп Нүкенов - «Freedom Finance» ИК Украина бойынша атқарушы директоры; Нұрмұхамед Байғара – журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі; Самат Нұртаза – Сарапшы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі; Мақсұтбек Айтмағанбет – Халықаралық жастар орталығының директоры; Нұртай Сабильянов - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; Гүлшекер Хуанбай – «Болашақ» Халықаралық Бағдарламалар орталығының баспасөз хатшысы; Дәурен Абаев – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Тілші: Еркін Шәкірұлы.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу