Сүт өнімі

Сүт өнімдерінің барлық түрі күнделікті тұтынатын және адам денсаулығына аса пайдалы тауарлар санатына жатады.  Қазақстанда жылына 5 миллион тоннадан астам сүт сауылады. Бірақ сиырлардың 80 пайызға жуығы халықтың жеке үй шаруашылықтарында шоғырланған. Сондықтан еліміздегі сүттің 40 пайызы ғана өңделуге жіберіледі. Өйткені, халықтан сүтті жинау жұмысы дұрыс жолға қойылмаған болатын. Осының салдарынан, құрғақ сүттің де басым бөлігін шет елдерден импорттауға тура келді. Алайда, соңғы уақытта  бұл саладағы сең қозғала бастағандай. 

Спикерлер: Айыртау ауылының тұрғыны - Гүлнәр Тоқанқызы; сүт қабылдаушы - Болат Оразиманов; Айыртау ауылдық округінің әкімі - Сәлимә Қалелова; сатушы - Наталья Юрченко; шаруа қожалығының директоры - Ахмет Матаев; сүт қабылдау пунктінің технологы - Бауыржан Ақатаев; Бесқарағай ауданының әкімі - Нұржан Тоқсейітов; шаруа қожалығының басшысы - Марат Қалиханұлы; ферма меңгерушісі - Әймен Жақупова; сүт фермасының басшысы - Талғат Қырықбаев; биотехнолог - Талшын Жақсарат; серіктестік директоры - Вадим Быков. 

Тілші: Берік Көшербай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу