Судың да сұрауы бар

Судың да сурауы бар...Көлік жуу орталықтарының еселенуі, әрине, көлігі былыққан жүргізуші үшін де, осы бизнесті ашқан азамат үшін де тиімді. Дегенмен, бұл қызметтің күніне қанша суды ысырап етіп, бекерге жұмсап жатқаны белгісіз. Санақ жасап, есеп жүргізіп жатқан әкімдік те жоқ. Астанада биыл көлік жуу орталықтарының есебінен жиналған қарыз 35 млн теңгеге жеткен. Былтырғы 22 млн теңгенің басын құраған берешек тағы бар. Амалы таусылған «Астана су арнасы» қарызы шаш-етектен асқан бекеттердің құбырын жаппай судан өшіріп жатыр. Толығырақ "Арнайы репортажда".

Спикерлер: "Астана су арнасы" МКК Өнім өткізу қызметінің инженері - Жасұлан Аяпбергенов; көлік жуу қызметі бойынша маман - Иван Уривский; көлік жуу орталығының қызметкері - Айнұр; кәсіпкер - Вануш; көлік жуу орталығының қызметкері - Айбек; Астана қаласының Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы - Әділет Тлепов.

Тілші: Қарлығаш Темірбайқызы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу