Елімізде биылдан бастап әрбір аяқ киім жеке таңбаланады. Әзірге бұл пилоттық жүйеде жүзеге аспақ. Таңбалау бизнеске не береді? Таңба қойылған соң кез келген тутынушы өнімнің сапасы, қайда шығарылғаны, бағасы жайлы ақпаратты кюар-код арқылы біле алады. Сіздерге таңбалаудың орта және шағын бизнеске әсері, алдағы уақытта тағы қандай тауарларға белгі қойылатыны жөнінде айтпақпын.
Спикерлер: Темірлан - сатушы; Евгений Больгерт - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары; Дінмұхамед Абсеметов - Электронды таңбалау жобасының жетекшісі; Анастасия Калашникова - Қазақстанның сауда қауымдастығының атқарушы директоры; Ирина Сорокина - аяқ киім дүкенінің коммерциялық директоры.
Тілші: Қарлығаш Темірбайқызы.