Бұл бес бала асыр сап ойнаған үйдің қазіргі көрінісі. Тек күлі ғана қалған. Бір түнде бұл шаңырақ қара жамылып, бес бірдей баладан айырылды. Барша халықтың қабырғасын қайыстырған қайғылы жағдай жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болды. Жалын туралы алғашқы қоңырау өрт сөндірушілерге түнгі сағат 2.34-кеткенде түседі. Арада небәрі 7 минут өткенде олар оқиға орнына жетіпті. Алайда, ол кезде бәрі де кеш еді. Сағат екіден 45 кеткенде үйдің төбесі опырылып, артынша шырт ұйқыда жатып жан тапсырған бес баланың өлі денесі сыртқа шығарылған.
Спикерлер: Қуаныш Тоқсарин – Астана қаласы Сарыарқа аудандық ТЖ Басқармасының басшысы; Руслан Алтымов – туысы; Эльвира Жүргенбаева – Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы; Мәрзия Есіркепова - №41 орта мектеп директоры; Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі; Юрий Ильин - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары; Қалмұханбет Қасымов - ҚР Ішкі істер министрі; Светлана Жақыпова – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
Тілші: Еркін Шәкірұлы.