Енді ішіктер мен тондарға таңба тағылатын болады. 27 қарашада басталған пилоттық жоба осыны көздейді. Мұндай мемлекеттік мақсаты көлеңкелі импортты жойып, салық түсімін арттыру болса, тұтынушыларға пайдасы олар контрафактілік тауарлар мен алаяқтардан қорғалады. Ал кәсіпкерлерге қаншалықты тиімді? Тон бағасы өзгере ме? Бүгінгі арнайы репортажымызда осы сұрақтардың жауабын іздейтін боламыз.
Спикерлер: DS тон студиясының иесі - Диас Ілиясұлы; «Атамекен» ҰКП-ның экономикалық интеграция басқармасының сарапшысы - Нұрлыбек Исабеков; Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы - Заңғар Шыңдалы, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы - Асхат Әбішев, импортер, «Пушнина» галереясының директоры - Юлия Тогобицкая.
Тілші: Жания Әбдібек.