Бүгінде еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Оның әр түрлі себебі бар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір оныншы сотталушының ешқандай білімі жоқ. Ал он адамның үшеуі мамандық алмаған. Қалай десек те тағдырлары сан-қилы теміртордағы жандар еліміздің толыққанды азаматтары. Әрі жасаған қылмыстары үшін жазасын өтеуде. Ертеңгі күні қайта қатарға қосылып, қоғамға пайдасын тигізуі тиіс. Оған қоса басым көпшілігінің мойынында қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге келтірілген берешек қарыздары бар. Еңбек етіп, нәпақа таппаса, оны қалай қайтармақ?
Спикерлер: ОҚО Прокуратурасының Басқарма бастығы - Ермек Әйтімов; ИЧ-167/9 мекемесі бастығының орынбасары - Төреәлі Бердияров; жазасын өтеушілер - Иван Аниськин, Ырысәлі Панаев, Еркеғали Қырғызбаев.
Тілші: Айнұр Ақбаева.