Тұрғын үй нарығы

Есепке жүгінсек, бүгінгі күнге дейін Астанада мемлекеттік және мемлекеттік емесі бар жалпы 1428 ғимарат тұрғызылып, аумағы шамамен 20 млн. шаршы метрді құрайтын пәтер салынған екен. Ал тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақстанда тұрғызылған үй аумағы - 113 млн. шаршы метр құрапты. Иә, ауыз толтырып айтарлықтай-ақ үлкен сан. Бірақ басапана мәселесі бәрібір өзекті. Неге? Міне, осы мәселені кеңінен қозғаймыз.

Спикерлер: "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі Құрылыс активтерін басқару департаментінің бас менеджері - Олжас Салықов; ҚР премьер-министрі - Бақытжан Сағынтаев; "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ресми өкілі - Айбар Олжай; жылжымайтын мүлік сату жөніндегі менеджер - Гүлнәз Жақсылық.

Тілші: Құралай Пионер.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу