Тынысы тарылған төртінші билік

Қазақстандағы БАҚ туралы алғашқы заң 1991 жылы тәуелсіздік алғанда қабылданған. Ол уақытта еңсесін енді тіктеген мемлекет совет үкіметі кезіндегі заңның көшірмесін алды. Себебі, шұғыл түрде журналисттердің құқықтарын айқындап беру қажет еді. Араға 8 жыл салып, 1999 жылы, тәуелсіз Қазақстанда БАҚ туралы «тәуелсіз» заң пайда болды. Онда журналисттің міндетімен мәртебесі бүге-шүгесіне дейін жазылған болатын. 2017 жылы бұл құжаттың кей пункттеріне өзгерістер енгізілгенде, БАҚ-ның жұмысына кедергі келітретін кемшін тұстар пайда болған. Ал қазіргі бұйрық жобасы тілшілердің тынысын тіпті тарылтпақ дейді журналисттер. 

Спикерлер: Ғалия Әженова - «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының сарапшысы; Сейітқазы Матаев - Қазақстан журналисттер одағының төрағасы; Әміржан Қосанов - саясаткер; Сейітқазы Матаев - Қазақстан журналисттер одағының төрағасы; Дариға Назарбаева - ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Тілші: Әнуар Кәрбозов.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу