Ұлттық домбыра күні

Биылғы шілденің бірінші демалысы ел тарихына өз атын ойып тұрып жазды. Дәл сол күні Астанада 29 нәресте туды. Дәл сол күні сәбилермен бірге Ұлы қазақ даласында жаңа мереке дүниеге келді. Енді бұл күнді ел тұрғындары – «Ұлттық Домбыра күні» деп тойлатады. Енді тағдырлы елдің төлқұжатына айналған аспаптың төл мейрамы бар! 

Спикерлер: Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті; Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР мәдениет және спорт министрі; Болат Мажағұлов – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы; Айман Нышан – жас ана; Маржан Садықова  - №2 Ақмола облыстық ауруханасы босану бөлімінің меңгерушісі; Маралбек Сағынғанов – Домыра Party жобасының ұйымдастырушы; Ділманов Нұржан Қоразбайұлы шебер, ұста, домбыра жасаушы; Гүлнұр Камзина  - домбырашы.

Тілші: Гүлжайна Алтынбекқызы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу