Ұлы Жібек Жолы – 4000 жылдық тарихы бар, ең көне әрі жан-жақты дамыған сауда-саттық жолы. Бағзы заманнан бері түрлі өркениеттердің тоғысқан жері, экономиканың ілгерілеуіне айтарлықтай септігін тигізді. Бұл арнайы репортажда бүгінгі «Жаңа Ұлы Жібек жолы» жобасының әлемдік сауда-экономикалық үдерісіне әсерін ашып көрсетуге тырыстық. Көршілес Қытай елінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының Ұлы сауда жолын дамыта түсуге қаншалықты жәрдемдесе алатынын бағамдап көрдік. Бүкіләлемдік нарықта, Ұлы Жібек жолында Қазақстанның рөлі қандай? Неліктен осы жол аясында іске қосылған 160 жобаның (80 млрд доллар) 65 пайызы немесе 55 млрд доллары екі-ақ мемлекет, Ресей мен Қазақстанға тиесілі? Не себепті «Бір белдеу, бір жол» аясында басталған жобалардан Малайзия бас тартты? Ескі жолды жаңғырта отырып дүниежүзілік экономиканы қаншалықты дамыта аламыз? Осы және өзге де толыққанды ақпаратты аталған арнайы репортаждан білесіздер.
Тілші: Жалғас Зейнолла