Үстел теннисі орталығының ашылуы: жеңісті күндер мен алға жетелейтін мақсаттар

Еліміздің кеншілер шаһарында «Saryarka» үстел теннисі орталығының ашылуы кездейсоқ емес. Себебі, бүгінде Қарағандылық үстел теннисінің шеберлері ұзақ уақыттан бері Қазақстанда көш бастап келеді. Сондықтан дәл осындай зәулім ғимараттардың ашылғанын тұрғындарда да құп санайды. Менің артымда тұрған ғимараттың жалпы 4,5 мың шаршы метрді құрайды. Енді мұнда Халықаралық үстел теннисі федерациясының республикалық және халықаралық турнирлері, сонымен қатар оқу-жаттығу жиындары өткізуге мүмкіндігі бар. Құрылысына 1 млрд 950 млн теңге жұмсалған нысанда 18 үстелге арналған ойын залы, 9 теннис үстелі орналасқан. Халықаралық талаптарға сай әлемдік дәрежедегі үстел теннис орталығының жұмысымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың танысқаны ел есінде. Ашылуда Президент бұқаралық спортты дамытудың, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың санын арттырудың маңыздылығын атап өткен. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев, аталған спорт түрін дамытуға үлес қосып, қаржыландыруға мүмкіндік жасаған үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазинге және Қарағанды облысынің әкімі Жеңіс Қасымбек пен ұлттық құраманың бапкері Эльмира Алиеваға алғыс білдірді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу