Қазір жадыраған жаз мезгілі. Күйбең тірліктен босап, еркін тынығу үшін қолайлы мекен іздейтін маусым. Мен де заттарымды сайлап, қай жаққа бет алсам деп тұрмын. Бірі айтады Қазақстанның өлкесі бай. Жер жәннаты Жетісу, емдік қасиеті мол Алакөл, шөбі шүйгін Баянауылға бар дейді. Бірі айтады оданда теңіз асып, Еуропаға тарт. Ел көресің, жер танисың дейді. Ойлана келе, шет елге шықсам ба деп тұрмын. Бірақ алдымен бұл мен үшін қаншалықты тиімді және мұндай сапарлардың соңы неге ұласып жатыр. Соны бағамдап көрмекпін.
Спикерлер: туристік компания қызметкері - Манзура Смағұлова; Астана қаласының тұрғыны - Дулат Қайратұлы; «Туристік Қамқор» қорының директоры - Асылхан Есімов; ҚР СІМ Баспасөз қызметінің жетекшісі - Әнуар Жайнақов; «Туристiк Қамқор» қорының төрайымы - Инна Рей.
Тілші: Арай Сүгірбай.