Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі

"Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі" байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Спорттық шара еліміздің Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі мерекелік шараның жеңімпаздарын арнайы комиссия таңдаса, биылғы байқаудың үздіктерін жанкүерлер дауыс беру арқылы анықтады. Тоғыз номинация бойынша жүзден жүйрік шыққан спортшылардың бәсекесі тартысқа толы болды.

Спикерлер: грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті - Дәулет Тұрлыханов; жазғы спорт түрлері арасынан үздік спортшы байқауының жеңімпазы - Алексей Луценко; мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының қола жүлдегері - Элизабет Тұрсынбаева; бокстан Қазақстанның Ұлттық құрамасының бас бапкері - Мырзағали Айтжанов; Қазақстан Республикасының триатлон федерациясының бірінші вице-президенті - Дәурен Жақсыбек; Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы - Әбіл Дөңбай; "Астана" командасының атқарушы директоры - Қайсар Бекенов; спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы - Елсияр Қанағатов; Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми өкілі - Жігер Әзбергенов; грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының чемпионы - Жақсылық Үшкемпіров.

Тілші: Самат Қанағатов.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу