Жыры бітпейтін жолдар

Соңғы екі жылда "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1300 шақырым жол жөнделген. Осылайша республикалық маңызы бар автожолдардың 46 пайызы қалыпқа келтірілді. Мәселен аталған бағдарлама арқылы жол жөндеуге және құрылысы үшін бюджеттен 356,2 млрд теңге бөлінсе оның 143,5 млрд теңгесі Ұлттық қордан алынған. Бұл қаражат Орталық пен Оңтүстікті, Орталық пен Шығысты, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай мен Талдықорған арасын жалғауға жұмсалады. Осы уақытқа дейінгі салынған жолдың ұзындығы 1200 шақырымды құрайды. Ал соңғы 10 айда аталған аймақтардағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының 75 пайызы аяқталып, 3 мың шақырымға жол төсемдері жасалған.

Спикерлер: ҚР Инвестициялар және даму министрі - Жеңіс Қасымбек; «ҚазАвтоЖол» ҰК төлемақы жүйесі  эксплуатациялау бөлімінің басшысы - Жандос Жүнісов; жоба жетекшісі - Ерлан Жаңабаев; «ҚазАвтоЖол» РМК Бас директоры - Ұлан Әліпов; ШҚО Әкімінің орынбасары - Серік Ақтанов.

Тілші: Еркін Шәкірұлы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу