«Цифрлық Жібек жолы»

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Цифрлық Жібек жолы». Ауылдық елді мекендеріне кеңжолақты және қолжетімді интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет. Бұл мақсаттар үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 1 200-ден астам ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда. Осы іс шараның арқасында 2,1 млн. астам адам жылдамдығы жоғары Интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі күні, жылдам интернетпен 122 қала және 1147 елдімекен қосылған. Салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Қайсар Салабаевтың сұхбаты.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу