4 аймақ судан тарығады

Қара су қат болып, 4 өңірде тіршілік көзін тұтыну лимиті қысқартылды.  Қызылорда облысы үшін 3,2 млрд, Түркістан облысы үшін 3,8 млрд текше метр болып белгіленді. Осыған байланысты елдің оңтүстігінде вегетациялық кезеңде су тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі мәлімдеді. Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, Сырдария, Шу және Талас өзендері бассейндерінде су әдеттегіден аз болады. Салдарынан Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары судан таршылық көруі ықтимал.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу