7 жылға сотталған шенеунік ақталып, мемлекеттен қаржы өндіріп алды

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілігіп, басы шырғалаңға түскен шенеунікті табалап жататынымыз рас. Өйткені шенеуніктің жемқорлығына қоғам өте жағымсыз әрекет деп қарайды. Жөн-ақ. Дегенмен шенеунік те адам. Егер қолы таз болса, ол өзінің туралығын дәлелдеуге қауқарлы екенінің жарқын көрінісіне куә болдық. Бюджет қаржысын талан-тараж етті деген айыппен сотталған ақтөбелік шенеунік өзінің тазалығын дәлелдеп ақталды. Ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары 2020 жылы  қамауға алынды.  Қала әкімінің 41 жастағы орынбасары Жангелді Әубәкіров бюджет қаржысын  жеп кетті деген жаман атқа қалған еді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу