9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жабылған

Елдегі 9 мыңнан аса кәсіпкердің биылғы 4 айда тірлігі тұралап, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бизнесін жауып тастаған азаматтар саны былтырмен салыстырғанда 1.6 есеге артыпты. Нақты сандарға тоқталсақ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бизнесінен береке кетіп, кәсібін толық тоқтатқандардың 3 мыңы саудамен, 1 мыңы құрылыспен және 523-і өңдеу өнеркәсібімен айналысқандар. Оның ішінде 5 ірі, 12 орта және 9 мыңнан аса шағын бизнес субъектісі бар. Нарықтан кеткендердің ең көбі Алматы, Астана мен Шымкент қалаларында. Сарапшылар компаниялардың жаппай жабылуы уақытша үрдіс екенін айтады және оны жаңа салық кодексімен байланыстырады. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу