«Елдегі эпид ахуалды локдаунға дейін жеткізбеуіміз керек», - дейді «Атамекен» басшысы. Елде екінші рет карантин шаралары күшейтілетін болса, 42 500 теңгелік қолдау аз болатынын, оның көлемі 55-60 мың теңге шамасында болуы керек екенін атапты. Жалпы алғашқы қатаң карантиндік шектеу кезінде 800 мың кәсіпкерлік нысанның жұмысы уақытша тоқтаған. Қазірдің өзінде 200 мың кәсіпкер әлі де жұмысын жандандырмаған. Егер екінші рет локдаун енгізілетін болса, бизнеске қолдаудың жаңа түрлерін ұсыну керек екенін атап отыр.