Осы күнге дейін әлемдегі ең халқы көп ел құмырсқадай қаптаған Қытай дегенге құлақ үйренген. Ал енді халқының көптігі жөнінен Үндістан Қытайды басып озды деген хабар тарап жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы есебі бойынша, Үндістанның халқы 1 миллиард 425 миллион адамға жетті. Мұнда халық санағының қорытындысы мен туу және өлім көрсеткіштері есепке алынған. Қытай мен Үндістан халықтарының есебі 1950 жылдан бері бірінші рет жүргізілген көрінеді.