Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жығып кеткен оқиға кеше ғана болды, бұл әңгіменің қызуы басылған жоқ. Жалпы, адамды адамның ұрып-соғуы жөнінен еліміз алдына жан салмаса керек. Өйткені мұндай жағдай өте жиі болып жатады. Соның ішінде әйел адамға бөтен ерлер жұмыс орнында, ал өз ері үйде қол көтеру оқиғаларының көптігі соншалық, есебіне жету мүмкін емес. Міне, тағы бір жаңа оқиға. Шымкентте ер адам кафенің әйел қызметкерін ұрып-соқты.