Айыппұлдардың көлемі өзгеруі мүмкін

Елімізде айлық есептік көрсеткішті есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін. Бұл бастама сарапшылар тарапынан көтеріліп, оған Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин пікір білдірді. Вице-премьер мәселеге қатысты ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жазбасын оқып, ұққанымыз Үкімет бұл көрсеткіштің өзін жоюды емес, оны қолдану логикасын түбегейлі қайта қарауға ниет етіп отыр. Яғни айыппұлдардан бастап әлеуметтік төлемдерге дейінгі бүкіл жүйеге әсер ететін реформа туралы сөз қозғалуда. Тапқан-таянғаныңыздан жырып, қалтаңызды қағып, айыппұл төлеп жүрген болсаңыз экранға жақын отырыңыз. Тақырыпты толығырақ тарқатамыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу