Жол ережесін жиі бұзатындарға енді жеңілдік жасалмауы мүмкін. Заңға бағынбайтындарға жаза күшейтілмек. Сенатор Марат Қожаев тәртіптен тіксінбей, ережені елемейтіндерге талапты қатаңдату қажет, - деп санайды. Мұндай бастаманы депутат бір жыл бұрын көтерген. Ол ұсынысы енді ғана Үкіметте қаралып, қолдау тауыпты. Бұған дейін айыппұлды бір аптада төлесе 50% жеңілдік беріліп келгенін білеміз. Енді бір жылда он рет тәртіп бұзған жүргізушілер мұндай жеңілдіктен қағылуы ықтимал. Ол салынған айыппұлды толық төлеуге міндеттеледі.