Сонымен, кеше Республика күні мерекесі аталып өтті. Оның қарсаңында оппозиция белсенділері адамдарды 25-қазанға рұқсат етілмеген митингіге шығуға үндеген. Әр өңірлерде митинг өтетін орындарды да алдын-ала меңзеген. Мереке жақындаған сайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан күзет күшейді. Ал мереке күні әр қалада адамдарды ұстау оқиғалары болды. Бас-аяғы оншақты адамды полиция көшеден алып кеткен. Жалпы алғанда, көше көрінісі көпшілік сипатындағы қандай да бір тосын оқиғаға ұласқан жоқ.