Қазақстан түрмелерінде азаптау көп, билігінде жемқорлық етек алған, қоғамында адам өлтіру бар деген жаман атқа қалдық. АҚШ Мемлекеттік департаменті әлемде адам құқықтарының ахуалы 2022 жылы қандай болғаны жайлы есеп жариялады. Есепте Қазақстанға да орын берілген. Онда өткен жылғы Қаңтар оқиғасы да еліміздегі адам құқықтарының жағдайын нашар етіп көрсеткені айтылған.