АҚШ Палестина жеке мемлекет болсын дей бастады

Газа аумағындағы ахуал күрделі. Себебі соғыстың тоқтайтын түрі көрінбейді. Басып кірген Израиль әскерінің бомбасы мен оғынан бейбіт тұрғындар әлі қаза болуда. Гуманитарлық көмек барғанымен жетпесе керек, Газа қаласы мен өзге елде мекендерде су мен нан тапшы. Аймақ қауіпті жұқпалы ауру түрлерінің ошағына айналудың сәл-ақ алдында тұр. Соғыс жалғаса берсе бейбіт тұрғындардың едәуір бөлігі құрбан болып кетуі де ғажап емес. Сондықтан көрші араб елдері бір жағынан, АҚШ екінші жағынан соғысты уақытша тоқтатудың қамын жасап жатыр. Соғысты уақытша тоқтатып, шет ел азаматтарын, мүмкін Газа аймағындағы жарақат алған бейбіт тұрғындарды және жас балаларды шекарадан шығару керек. Ал қираған қаладағы бейбіт тұрғындардың ес жиып алуына мүмкіндік беру де қажет. Соғыста үзіліс болмаса бейбіт тұрғындарды мүмкіндігінше атыс пен жарылыстан қашықтау ортаға көшіру де оңай болмайды. Гуманитарлық көмекті жеткілікті етіп, эпидемияның алдын алудың әрекетін жасасақ дейді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу