Көпті көрген қарттар әрқашан құрметке лайық. Қазақ ортасында ежелден қарияның өнегесі мен тәлім-тәрбиесінің мәні үлкен болған. Осы күні де тура жүріп, тура сөйлейтін абыз қариялар арамызда аз емес. Дегенмен заман басқа, сол қариялардың ішінде ұсақталып кеткендер де кездесіп жатады. Тіпті зейнеткер деген қариялардың арасында қылмыс жасап жауапқа тартылғандар да бар. Алдыңғы толқын ағалардың кейбірінің ондай істері көңілге қаяу салады.