Естеріңізде болса, өткен жылдың 1-қыркүйегінде Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» деген бағдарламаны енгізуді ұсынған болатын. Соған сәйкес 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жинақтаушы қорына аударылуы тиіс.