Әскердегі реформа: қоғам қандай өзгеріс көргісі келеді?

Қазақстандықтардың 85,7 пайызы Президенттің Қарулы Күштерді реформалау туралы шешімін толық немесе ішінара қолдайды. Бірақ бұл армия реформасының барлық тармағын халық түгел мақұлдады деген сөз емес. 1012 адамның арасында өткізілген сауалнама нәтижесі басым бөлігі реформаның қажет екенімен келісетінін көрсеткен. Ал қалған 14,3 пайыздың реформаға қатысты ұстанымы ашық айтылмаған. Қолдамағаны анық.  Бірақ нақты қаншасының қарсы, қаншасының жауап беруге қиналғаны немесе көзқарасы басқа болғаны белгісіз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу