Қазақстан армиясында ауқымды өзгерістер басталады. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігіне әскери реформаның нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жолы әңгіме кезекті тұжырымдама немесе қалың папка туралы болмауы керек. Президенттің өзі реформаны көлемді құжатқа немесе жол картасына айналдырмауды ескертті.