Қазақстан мен Францияның Астанада орналасқан бірлескен кәсіпорнында тікұшақтар шығарыла бастады. Бірлескен кәсіпорын «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталды. Бірлескен кәсіпорын қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы мен фрнцуздық «Airbus Helicopters» әуе концернінің арасындағы келісімнің негізінде құрылған. Екі жақтың иелік үлестері 50 де 50 пайыз.
Авторы: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов