Бірқатар ауыл шаруашылығы өнімін биржада сату тәртібі өзгерді. Енді қант, картоп пен астықтың белгілі бір көлемін электронды сауда арқылы сату міндеттеледі. Яғни сатылатын өнімнің 5 пайызы биржаға шығарылуға тиіс. Бұл талап астық экспорттаушыларға және ішкі нарықта астық өткізетін, бірақ ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып саналмайтын субъектілерге қатысты. Қарапайым фермерлерге «өніміңнің 5 пайызын міндетті түрде биржаға шығар» деген талап қойылып отырған жоқ. Ал қантқа қатысты талап қатаң. Қазақстандық өндіруші мен импорттаушы да елге әкелген қанттың 20 пайызын биржа арқылы өткізуі керек. Осындай жаңалықты естігенде көптің ойына бір ғана сұрақ келетіні анық. Бұл өзгеріс дүкен сөресіндегі бағаны өзгерте ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын алдағы 5 минутта айтамыз