Ата Заң: Назарбаевқа артықшылықтар экс-президент ретінде сақталады

Сонымен, Ата Заңнан Елбасы туралы тармақтар алынды. Конституциялық сот Елбасы туралы заңның Қазақстанда қолданыста қалуына негіз жоқ деген тұжырым жасады. Құжатта бұл: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысы» деп аталады. Қаулының екінші бабында Елбасы туралы заңның ел аумағында қолданылуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажеттігі және оның күші жойылды деп танылуға жататыны тайға таңба басылғандай етіп көрсетілді. Үшінші бабында қаулының ел аумағында жалпыға бірдей міндетті екені, түпкілікті болып табылатыны және шағымдануға жатпайтыны шегелеп айтылған. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу