Атырау жұртының тынысы тарылды

Атырау облысының экологиялық ахуалы мәз емес екені бесенеден белгілі. 9-сәуір күні Атырау қаласында жергілікті журналистердің ұйымдастыруымен алғаш рет бейбіт экологиялық митинг өтті. 500-дей адам «Мұнайшы» стадионына жиналып, мемлекеттің алдына өңірдің экологиясын жақсарту мәселесін қойды. Жиналғандар «Тынысым тарылды!», «Атырау, тыныс ал!», «Өкпе дем жетпейді!», «Атырау мұнай өңдеу зауыты, бізді улама!», «Экология табыстан қымбат!», «Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 198- бабының орындалуын талап етеміз!» деген плакаттар ұстап шықты. Рұқсат етілген митинг болғандықтан оған қатысушыларды әдеттегідей құқық қорғаушылар ұстап әкету немесе күштеп тарту сынды келеңсіздікке бармады. Тек сырттай бақылады. Митингке жиналған атыраулықтар петицияға қол қойды. Жиналғандардың мақсаты – Атыру облысының экологиялық проблемасына қоғамның және мемлекеттің назарын аудару.

Авторы: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу